Аймақтар • 20 Сәуір, 2024

Су тасқыны: 21 494 адам үйіне оралды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп бүгін Қазақстан аумағында су тасқыны ахуалы қандай екенін баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны: 21 494 адам үйіне оралды

Фото: ТЖМ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 21 494 адам үйлеріне қайта оралғаны айтылды.

Ал, әзірге, эвакуациялау пункттерін паналап отырған 8786 адам, оның ішінде 3814 бала бар.

Қызыл судың салдарын жою бағытында 10,9 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,7 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді.

4 534 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан су бұрылды. Жедел желі телефонына 2 036 қоңырау түсті.

Сондай-ақ, өткен түні ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына қайта барды.  Ол Бөрлі ауданының елді мекендерінде салынған қорғаныс бөгеттерін тексерді.

Айта кетейік, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің кейбір ауылдарын су басу қаупі әлі де сақталып отыр.