Аймақтар • 22 Сәуір, 2024

Жайықтың су деңгейі 860 сантиметрден асып кетті

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында Жайық өзенінің суы бір тәулікте 10 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен 850 см асып кетті, деп жазады Egemen.kz.

Жайықтың су деңгейі 860 сантиметрден асып кетті

Төтенше жағдайлар министрлігі өткен түнде, сағат 2:47-де Жайық өзеніндегі су деңгейі 858 см-ге жеткенін хабарлаған еді. 

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы 22 сәуір 08:00-дегі жағдай бойынша су 860 см-ге жеткенін мәлімдеді.

Ал Көшім каналында су деңгейі 18 см-ге көтеріліп, 851 см-ге жетіп, қауіпті шектен (850 см) 1 см-ге асты. Ақжайық ауданындағы Тайпақ ауылы тұсында 521 см-ге жетіп, шекті деңгейден 7 см асқаны байқалды. Сондай-ақ Чувашин ауылында Шаған өзені 9 см-ге көтерілді. Қазір өзендегі су мөлшері 740 см, қауіпті шегі – 1 300 см.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі 2 см-ге түсті.

Кейінгі тәулікте Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай учаскелерінен құтқарушылар ондаған үй жануарларын эвакуациялады. Ветеринарлық инспекция қызметкерлері мысық пен иттерді питомниктерге жеткізді.