Теннис • 22 Сәуір, 2024

Путинцева, Рыбакина: Қазақстан теннисшілері Мадридте күш сынасады

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, 23 сәуірде Мадрид қаласында WTA 1000 турнирінің шымылдығы түріледі. 4 мамырға дейін өтетін беделді жарыста Қазақстанның екі теннисшісі - Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Путинцева, Рыбакина: Қазақстан теннисшілері Мадридте күш сынасады
 

Турнирдің төртінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 46-ракеткасы, Италия өкілі Лючия Бронцетти немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады. Сайыстан сүрінбей өтіп, ширек финалға шықса, әлемнің 6-ракеткасы, Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньмен күш сынасуы мүмкін.

Дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы, қытайлық Юань Юэмен кездеседі.