Туризм • 23 Сәуір, 2024

Қазақстан мен Таиланд арасында тұрақты визасыз режим бекітілді

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бангкок қаласында Қазақстан мен Таиланд арасында визасыз режим енгізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Таиланд арасында тұрақты визасыз режим бекітілді

Фото Tengrinews.kz

Бұл шешім екі тарап арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

Екінші тараптың аумағында 30 күнтізбелік күннен артық тұруға ниет білдірген Қазақстан азаматтары мен тайлықтар тиісті виза алуы керек.

«Бір тарап мемлекетінің азаматтары, жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болу үшін режим енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге, 180 күнтізбелік күннің әрбір кезеңінде барлығы 90 күнтізбелік күн визалық талаптардан босатылады», делінген келісімде.

Бұған дейін Қазақстан мен Таиланд арасында уақытша визасыз сапар ғана болған, оның мерзімін Тайланд тарапы бірнеше рет ұзартқан еді.