Қазақстан • 23 Сәуір, 2024

Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қосымша өтемақы алады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді

Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Премьер-министр су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу өткен аптада басталғанын еске салды. 

«Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алды (2024 жылы 369 200 теңге). Кәсіпкерлердің шығыны да өтеледі. Бұл көп жұмыстың басы ғана. Сонымен қатар, 100 АЕК өтемақыға қосымша 150 АЕК (2024 жылы 553 800 теңге) төлейміз, бұл шамамен 553 мың теңгені құрайды, бұл ақшаға тұрғындар қажетті заттарды: тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сатып ала алады», деді Бектенов үкімет отырысында.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Қазақстанның кейбір өңірлерінде су басу қаупі әлі де сейілмегенін, өзендердегі су деңгейінің көтерілу фактілері тіркеліп жатқанын тілге тиек етті.

«Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқыны жағдайына күшейтілген мониторингті жалғастыруды және қажет болған жағдайда тұрғындарды мәжбүрлеп эвакуациялауды тапсырамын», деді Бектенов.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, Экология және табиғи ресурстар министрлігі су қоймалары мен өзендерде өлшеу стансаларының санын көбейту қажет.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • Бүгін, 08:50

Жол құрылысы жандана түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Қазақ неге аштыққа ұшырады?

Тарих • Бүгін, 08:35

Әлкей әлемі

Тағзым • Бүгін, 08:25