![Астана көшелеріне 40 жаңа автобус шығарылды](/media/2024/04/23/1200xauto_or2uyqo4veik0iknggjh1appbil0zukbzr28mlfk.jpg.webp)
Фото: gov.kz
Еске сала кетейік, наурыз айында CTS баспасөз қызметі елордалық қоғамдық көліктердің жылжымалы құрамы 40 жаңа автобуспен толығатынын хабарлаған еді.
«Жаңа 40 автобус Астана жолдарына шығуға дайын. Олар №44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді. Оның ішінде 16 автобус №44 бағдарға жіберіліп, бағдардың жылжымалы құрамы толықтай 18 метрлік автобустарға ауыстырылды. 14 автобус №7 бағдарға жіберілсе, қалған автобустар №9 және №10 бағдарларына бөлінді», делінген CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті