Аймақтар • 24 Сәуір, 2024

Жайық өзені маңындағы жыралар ашылып жатыр

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзені маңындағы сай-жыралар ашылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жайық өзені маңындағы жыралар ашылып жатыр

Фото: el.kz

Махамбет аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме директоры Алтынбек Амангелдіұлының айтуынша, елді мекендерді Жайық өзенінің тасқын суынан қорғау үшін осындай шешім қабылданған.

«Жайық өзенінің маңында сай-жыралар көп. Осы кезге дейін өзен суын бұру үшін 12 жыра ашылды. Қазір Қарт Жайық, Ойынкөл, Өлішығанақ, Бесағаш, Қоржын, Қосөзек, Жұмай, Бесқала, Алмағамбет және басқа сай-жыраларға су құйылып жатыр. Өзен суының көп бөлігі сай-жыраларға құйылса, елді мекендерді тасқын қаупінен қорғап қалуға болады. Әзірге судан орман шаруашылығына кері әсер ететіндей зиян байқалмайды», деді Алтынбек Амангелдіұлы.

Оның пікірінше, кейінгі жылдары су тапшылығынан орман шаруашылығы аумағында қураған ағаш көбейген. Сол себептен, Махамбет ауданында жыралар қураған ағаш қалдықтары мен топырақтан тазартылған.