Пікір • 24 Сәуір, 2024

Баланың асқақ арманы

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЮНЕСКО-ның мә­лі­метінше, әлемде 770 миллион ересек, 16 миллион жас азамат хат танымайды. Бұл – шамамен дүние халқының 10 пайызы. Осы санақта Сомали көш бас­тап тұр. Мұнда 15 жастан деп есептегенде жұрттың 5 пайызы ғана мектеп көрген. Осы жүйемен қарағанда, Чад (22%), Мали (31%), Ауғанстан мен Орталық Африка Республикасы (әрбірі 37%), Буркина-Фасо (39%) Гвинея (40%), Гвинея-Бисау (42%), Сьерра-Леоне (43%), Либерия (48%) болып кете береді...

Баланың асқақ арманы

БҰҰ-ның дерегінше, әлемде 6 жас­тан 18 жасқа дейін 244 миллион баланың мектепке бару мүмкіндігі жоқ. Оның көбі (98 миллион), әрине, Африка мемлекеттерінде екен.

Осы елдердегі есі кірген әр бала әлемнің өзі құралыптас балалары секілді жақсы мектепте оқуды, үлгілі тәрбие сіңіріп, қалаған мамандығын алып, Отанын көркейтуді армандайды. Қарапайым адами аңсар! Біз бейкүнә бала арманының орын­далуы­на тілектеспіз.

Үндістанның санасын өзгерткен дана қайраткер Махатма Ганди айтқан екен: «Ұлылық мәні  нәтижеде емес, мақсатқа жетуге тырысуда» деп. Біздің Ахмет Бай­тұрсынұлы: «Ғылым, өнер ар­тылған сайын дүниеде бейнет кемімекші» дейді. Халқына «Педагогика» атты оқу құралын аманаттаған ақын Мағжан: «Баланы өз күшіне өзін сендіріп үйрету керек. «Қолыңнан түк келмейді» дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек» деп жазыпты.

Қарапайым қазақ баласының да таза әрі асқақ аңсары бар. Біз де оған «Арманыңа жет, айна­лайы­н!» дейміз.

 

Ескерген ИМАНБАЙ