Технология • 26 Сәуір, 2024

Робототехника: қазақ жастары Абу-Дабиде алтын еншіледі

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абу-Дабиде Emirates Skills XV халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Робототехника: қазақ жастары Абу-Дабиде алтын еншіледі

фото: Абай облысының білім басқармасы

Австрия 700 ұпаймен күміс, Біріккен Араб Әмірліктері 637 ұпаймен қола жүлде еншілесе, Қазақстан атынан қатысқан Абай атындағы радиотехника және байланыс колледжінің студенттері Тимур Бабенко мен Елнар Жусабаев ең жоғары 720 ұпай жинап, жеңіс тұғырының шыңына көтерілді.

Облыс студенттері халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Жігіттердің тәлімгерлері - Радиотехника және байланыс колледжінің директоры Оралхан Сартаев пен IT бағытының арнайы пән оқытушысы Күлпан Түсіпбаева, халықаралық сарапшы Полат Хизметов.

Айта кетейік, БАӘ-де өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионатына 26 құзырет бойынша 17 елдің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • Бүгін, 08:50

Жол құрылысы жандана түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Қазақ неге аштыққа ұшырады?

Тарих • Бүгін, 08:35

Әлкей әлемі

Тағзым • Бүгін, 08:25