Аймақтар • 29 Сәуір, 2024

Ертіс жайылмаларының 64%-ын су басып үлгерді

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстандағы каскадты су қоймаларынан Ертіс өзеніне 4,6 шаршы километр су жіберілген. Бұл – жоспардағы көлемнің 74 пайызы.

Ертіс жайылмаларының 64%-ын су басып үлгерді

Мамандар Ертіс өзенінің су жайылатын алқаптарын әуеден барлап шықты. Аққулы, Май, Павлодар аудандарының және Ақсу қаласының ауылдық аймақтарында судың жайылуы ойдағыдай жүріп жатыр.

«10 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес жоғарғы Ертіс каскадынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберіле бастады. Негізгі кезеңі 13-30 сәуір аралығына жоспарланған, су 12 тәулік бойы секундына 3500 текше метрден жіберіледі. Алдын ала есептеулер бойынша жайылманың 75-80% алқабын су басады деп күтіліп отыр. Жалпы жоспарланған 6,2 текше  километрді қазірдің өзінде 4,6 текше километрі немесе шамамен 74% су жіберілді. Қазір облыстың жайылма алқаптарының шамамен 64%ын су басты, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық», деп хабарлады Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Табиғатты қорғау мақсатында жіберіліп жатқан су ағындары бүгінгі таңда Ертіс өзенінің төменгі ағыс бөлігінде ерекше байқалады.

 


Павлодар облысы