Қазақстан • 02 Мамыр, 2024

Ресей мұнайы Қазақстан арқылы Қытайға транзиттеледі

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдауды реттейтін үкіметаралық келісім туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей мұнайы Қазақстан арқылы Қытайға транзиттеледі

Фото: Global Look Press

Заңның мақсаты - 2023 жылғы 16 маусымда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған, келісімге мұнай транзитінің көлемі мен тарифтерін жаңарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін хаттаманы ратификациялау.

Бұл ретте Қазақстан тарапы Келісімде көрсетілген бағыттар бойынша мұнай тасымалдау қызметтеріне қосылған құн салығымен нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салады.

«Аталған хаттамаға сәйкес Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2013 жылғы жасалған келісімнің қолдану мерзімін 2034 жылға дейін ұзарту және мұнай транзитінің көлемін, тарифті өзектендіру мәселелеріне қатысты келісімге өзгерістер енгізу көзделеді.

2023 жылдың ақпанында Ресей тарапы (Роснефть) 10 жылдық кезеңге 100 млн тонна жеткізу туралы Қытай тарапымен (СПНС) келісімін ұзартып, қол қойды. Осыған байланысты, 2023 жылдың маусымында Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы екіжақты келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Хаттамада мұнай транзитінің көлемін және тарифті өзектендіру мәселелеріне қатысты келісімге өзгерістер енгізу көзделеді», деді Сүйіндік Алдашев.

Сенаттың тұрақты комиссияларында заңға қатысты ескертулер мен ұсыныстар болмағандықтан, құжат мақұлданды.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті