Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында екіжақты экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мәселелері, сондай-ақ, Украинаның шығысындағы ахуалды Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының таяуда Астанада өтуі ықтимал кездесуі аясында реттеу шаралары талқыланды.
Екі мемлекеттің көшбасшылары Минск уағдаластығын қатысушы тараптардың мүлтіксіз жүзеге асыруы қажеттігін, мұның тезірек бейбіт реттеуге және сенімді нығайтуға септігін тигізетінін атап айтты.
Тараптар екі ел арасында белсенді әрі сындарлы саяси үнқатысу орнағанына тоқталды, сондай-ақ, 2012 жылы ақпанда қол қойылған Қазақстан мен Германияның Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік туралы үкіметаралық келісімін нақты іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, инновациялық-инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтудің бірқатар қырлары және Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы қарастырылды.
Елбасы, сондай-ақ, Германияның Федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен де кездесті. Бұл кездесу Ф.-В. Штайнмайердің былтыр қарашада Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында болған әңгіменің жалғасы ретінде өтті.
Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың басым тұстары мен Украинаның шығысындағы ахуалды реттеу шаралары талқыланды. Украина мен Ресей президенттерінің таяуда ГФР Канцлері А.Меркель мен Франция Президенті Ф.Олландтың қатысуымен өтуі ықтимал екіжақты кездесуінің бірқатар алғышарттары жөнінде байыпты пікір алмасылды.
Тараптар, сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы болашағы бар жобалар мен екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылы туралы да сөз қозғады. Германия Федералдық сыртқы істер министрі екіжақты экономикалық қатынастар оң қарқында дамып келе жатқанына тоқтала отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы «тұрақтылық тұтқасы» болып саналатынын атап айтты.
Суретті Президенттің
баспасөз қызметі ұсынды.
• 10 Қаңтар, 2015
Қазақстан-Германия: Сындарлы саяси үнқатысу орныққан елдер

Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 16:57
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент • Бүгін, 16:40
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 16:38
Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 16:33
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Оқиға • Бүгін, 16:19
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мереке • Бүгін, 15:43