2014 жылғы қыркүйек айында Майқайың кентінде 700 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ал, облыс орталығына қарасты Кенжекөл ауылында 2013 жылы сәуір айында басталған мектеп құрылысы белгіленген мерзімінде тапсырылмай қалды. Кенжекөлдің 420 орынға лайықталып салынған ескі мектебінде қазір 752 оқушы білім алуда. Облыс орталығына тиіп тұрған ауыл болған соң, қалаға қарай көшіп келіп жатқан халық көп те, оқушылар саны жылдан-жылға көбеюде.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, биыл жаңадан жүзге жуық оқушы келіп қосылса, 5 бірінші сынып ашылыпты. Кенжекөлге жаңа мектеп салу керек деп тапсырыс берген облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы күрделі құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайролла Елеукеновтің айтуынша, салынып жатқан 600 орындық мектеп жуық арада пайдалануға берілмейтін көрінеді. Мектептің құрылысын «Корпорация «Потенциал-МС» атты серіктестік жүргізуде. Құрылыстың уақытында аяқталмауына осы мердігер компания кінәлі екен. Жұмысшылар, құрылысшылар жетіспесе, құрылыс барысында қайдан серпін болсын. Жергілікті тұрғындарды айлық еңбекақыларын беріп жұмысқа тартқанда, құрылыс уақытында аяқталар еді. Бұл облыстық, қалалық, ауылдық әкімдік, құрылыс, білім басқармалары тарапынан қатаң талап пен тәртіптің, бақылаудың болмағандығын байқатады. Кенжекөлден басқа, облыста бүгінгі күні республикалық бюджет есебінен облыс орталығында – 2, Шарбақты ауданы орталығында, Қалқаман ауылында мектептер құрылысы жүргізілуде. Бұл құрылыстардың қазір жай-күйін кім бақылауда? Олардың да Кенжекөлдегі мектептің күйін кешпесіне кім кепіл? Алдағы жылы Ертіс ауданы Қызылағаш ауылында мектеп, облыс орталығында 320 балаға арналған балабақша құрылысы жоспарланып, жергілікті бюджеттен 200,0 миллион теңге бөлініпті.
Айтпақшы, ауыл оқушылары, ата-аналары мектептің ашылуын күтіп жүргенде, мектепті салуға бөлінген қаржының бір бөлігі басқа мақсатқа бөлініп кетіпті. Яғни, республикалық қазынадан Кенжекөлге мектеп салуға берілген 310,5 миллион теңгенің 54,3 миллионы игерілмегені үшін кері қайтарылып, облыстық мәслихат депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдапты. Мұның мән-жайын жуырда өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Талғат Шәріпов мәлімдеді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы,
Кенжекөл ауылы.

Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 16:57
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент • Бүгін, 16:40
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 16:38
Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 16:33
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Оқиға • Бүгін, 16:19
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мереке • Бүгін, 15:43