Кеше «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым төрағасының орынбасары Сұлтан Картоев «Егеменде» қонақта болды. Мейманды «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ-тың президенті Сауытбек Абдрахманов басылым ұжымымен таныстыра келе, оның «Невада-Семей» қозғалысындағы белсенді қызметін атап көрсетті.
Кездесуде С.Картоев еліміздің ядролық қаруға қарсы күресте жеткен табыстарына кеңінен тоқталды әрі аталған қозғалысқа барынша қолдау білдірген тұлғаларды еске салды. Әсіресе, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпауды мақсат еткен батыл бастамаларын көңіл толқыта отырып әңгімелеп берді. Сондай-ақ, редакция қонағы аталған қозғалысты құрған көрнекті азамат Олжас Сүлейменовтің де ерен еңбегін, төккен терін жоғары бағалайтынын айтты.
Басқосуда белгілі журналист Сүлеймен Мәмет Президенттің Қазақстанды ядролық қарусыз елге айналдырғаны көргенді іс болғанын және қозғалысты құрған қайсар азаматтардың ерлігі ел жадынан өшпейтінін жеткізді.
Жиын соңында С.Картоев жақында ғана 95 жылдығын тойлаған басылымның ядролық қаруға қарсы күресте әрдайым алдыңғы шептен көрініп келе жатқанын айта келіп, газет басшысы Сауытбек Абдрахмановтың омырауына «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығына орай тағайындалған мерекелік медальды тақты. Сондай-ақ, журналист Ләйла Еділқызына арнайы диплом табысталды.
«Егемен-ақпарат».
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50