Университет • 07 Мамыр, 2024

Орталық Азиядағы үздік университет

108 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ғылым мен жоғары білім – болашақта биік асуларды бағындыра алатын қоғамның негізгі тірегі. Бұл ретте еліміз де өзінің болашағын ғылым-біліммен тікелей байланыстырып, білім саласын әр деңгейде дамытып, жоғары нәтижелер көрсетіп жатыр. Өз кезегінде Nazarbayev University қазіргі кезде еліміздегі ғылыми үдерістің көшбасшысы атанып отыр.

Орталық Азиядағы үздік университет

2023 жылғы қыркүйекте әлем­дегі ең беделді «Times Higher Education» рейтингі бойынша аталған университет үздік оқу орын­дарының қатарынан көрінді. Ал биыл мамыр айында Азия елдерінің үздік оқу орындары рейтингінде 129-орыннан көрініп, Орталық Азия елдері арасында көш бастады. Бұл – ғылым мен білімге адал оқытушылардың, ғалымдар мен студенттердің ортақ жемісі. Бар болғаны 14 жылдың ішінде Nazarbayev University бірнеше ғасырлық тарихы бар Азияның ең көне жоғары оқу орындарын басып озды. Осы уақыт ішінде университет қазіргі кезде Қазақстан экономикасының түрлі салаларында аянбай еңбек етіп жүрген көптеген жас маманды оқытты. Олар еліміздегі прогрестің қозғаушы күші екені сөзсіз. Кейбір түлектер «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекендерге тұрақтап жатыр. Бұл университеттің өз студенттеріне білім мен қатар бойларына пат­риот­тық сезімді дарыта алға­нының бірден-бір дәлелі. Сонымен қатар университет жаһандық мақсаттарға жету жолында шетел­дік әріптестермен белсенді түрде жұмыс істеп келеді. 2017 жылы Бейжің университеті, Токио университеті және Сеул ұлт­тық университеті сияқты бе­дел­ді жоғары оқу орындарымен бірге NU Азия елдері уни­вер­си­тет­тері альянсының негізін қа­ла­ды. Соңғы уақыттағы дүние­жүзілік қауымдастықтың азиялық білімге деген қызығу­шы­лығын ескерер болсақ, аталған жоғары оқу орнының болашақта көптеген рейтингте көш бастайтын қауқары бар.

Кез келген жоғары оқу орны жұмы­сының негізгі көрсеткіші ғылым екені анық. Бұл ретте аталған білім ордасының ғылыми жетістіктері де баршылық. Соңғы деректерге сәйкес, университетте 9 мыңға жуық ғылыми мақалалар жарияланған. Олардың жартысы Q1 деңгейіндегі «Scopus» журналдарында жарияланған. Жалпы, NU жарияланымдарына ғалымдар әлем бойынша ортақ көрсеткіштен 49%-ға жиі жүгінеді. Университеттің ғалымдары мен студенттері ауруханаларда оңалту мақсатында қолданылатын роботтар құрастырып, Альцгеймер және Паркинсон сияқты күрделі ауруларды зерттейді, жасанды интеллектіге қазақ тілін үйретіп, экологиялық мәселелер мен күн тәртібіндегі тағы да басқа проблемаларды шешуге атса­лы­сып жатыр. Nazarbayev University отандық мектептердің түлек­те­ріне әлемдегі ең мықты оқу орындарынан кем емес жоғары білім бере алатынын сеніммен айтуға болады. Сондай-ақ NU-дың Орталық Азиядағы ғылыми үдеріс пен сапалы білімнің көшбасшысына айналғанын мойындау керек. Оның түрлі рейтингтердегі орны мен ғы­лыми жетістіктері – бұған тіке­лей дәлел. Алайда ең ма­ңыз­дысы – сандар мен рейтингтер емес, университеттің студенттер өміріне және жалпы қоғамға қалай әсер ететіні одан да маңыздырақ. Nazarbayev University қашанда өңірдің зияткерлік ресурстары мен мә­дени мұрасын дамытуға ын­таландырады. Оның білім мен ғылым саласындағы орны жыл сайын нығайып келеді. Сол се­беп­ті жоғары оқу орны әлем­дік стандарттарға сай болып қана қоймай, Орталық Азия мен одан да алыс жерлерде білім сала­сын­да­ғы стандарттарды орнатушы деп сеніммен айта аламыз.