Экология • 07 Мамыр, 2024

Ағаш отырғызу - атадан қалған мирас

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 мамыр күні Павлодар облысының білім беру ұйымдарының педагогтері, оқушылары және ата-аналары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» Республикалық челленджіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ағаш отырғызу - атадан қалған мирас

Челлендж мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту, сондай-ақ табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Көшеттерді отырғызу өңірдің барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 
И

Павлодар қаласының М. Жүсіп орта мектебінің және Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның түлектері өз мектептерінің аумағына қайың, қарағай, жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Бұл акцияны түлектердің ата-аналары да қолдады.

Пн

Ен