Оқиға • 08 Мамыр, 2024

Алматы маңында жол апаты болып, үш адам көз жұмды

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 41-шақырымында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында жол апаты болып, үш адам көз жұмды

Фото: Zakon.kz

Mitsubishi Lancer жүргізушісі рөлге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысты.

Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды.