АСТАНА. 11 қаңтар. Кеше, 10 қаңтарда Францияның көптеген қалаларында мыңдаған адамдардың қатысуымен шерулер болып өтті. Жұрт осылайша Парижде айдың алғашқы онкүндігінде орын алған терактілерде қаза тапқандарды еске түсірді. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
«Бостандықты қолдау мен террорға қарсы марш бұл күні По, Орлеан, Тулуза, Нант, Ницца секілді қалаларды қамтыды. Көшеге шеруге шыққандардың жалпы саны 700 мың адамға жуықтады.
Ал еске түсіру мен ынтымақтыстықты білдіретін негізгі акция бүгін, 11 қаңтар күні өріс алды. Оған Еуропа одағы мен жекелеген елдердің лидерлері қатысты. Солардың қатарында Германия канцлері Ангела Меркель, Италия премьер-министрі Маттео Ренци, Испания үкіметінің басшысы Мариано Рахой, Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Еуроодақ дипломатиясының басшысы Федерика Могерини, Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц болды. Украина жағынан президент Петр Порошенко келді.
Терактілердің басы 7 қаңтар күні Париждегі Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясына екі адамның шабуыл жасап, Калашников автоматынан оқ жаудыруынан басталды. Осы лаңкестіктің нәтижесінде редакцияның 10 қызметкері және 2 полицей қаза тапты. Тағы 11 адам жарақат алды. Кейінірек тағы бірқатьар нысандарда жарылыстар болып, соңы атысқа ұласты. Күш құрылымдарымен қақтығыста лаңкестердің бәрі өлтірілді.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: ras.kz.
Сурет: ipress.ua.

Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:15
Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45