Оқиға • 12 Мамыр, 2024

Өткен жылдан бері іздестіріліп жатқан екі ер адамның денесі табылды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың желтоқсан айында Алматы мен Шымкентте жоғалып кеткен ер адамдар көз жұмғаны анықталды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өткен жылдан бері іздестіріліп жатқан екі ер адамның денесі табылды

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

1976 жылы туған Бегімбетов Мұрат Жайлаубекұлы 2023 жылдың 30 желтоқсанында із-түссіз жоғалып кеткен. Ер адам Іле ауданы, Комсомол ауылы, Абай көшесі, 46-үй мекенжайындағы үйден шығып кетіп, оралмаған.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адамның денесі 9 мамырда Алматының Алатау ауданында табылған. Басқа мәліметтер жария етілмеген.

1989 жылы туған Мәдібеков Руслан Ерғазыұлы 2023 жылдың 26 ​​желтоқсанында жоғалып кеткен. Сол күні ер адам Шымкенттегі токсикологиялық орталықтан белгісіз бағытта шығып кеткен. Наркологиялық, психикалық диспансерде есепте тұрған. Екінші топтағы мүгедек, денесінде күйік іздері бар. Шымкенттік азаматтың да мәйіті табылды.