Табиғат • 16 Мамыр, 2024

Алматының ботаникалық бағында сирек кездесетін өсімдік гүлдеді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы ботаникалық бағының «Альпинарий» жабық учаскесінде Қызыл кітапқа енген сирек өсімдік - ақшыл сепкілгүл гүлдеді. Бұл гүл Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларында жиі кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының ботаникалық бағында сирек кездесетін өсімдік гүлдеді

фото: instagram.com/botsadkz

Ақшыл сепкілгүл лалагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық жуашықты өсімдік.

Ботанкиалық бақтың баспасөз қызметі жазғандай, ақшыл сепкілгүлдің ұзындығы 15-80 сантиметрге дейін жетеді.

«Бұтақсыз сабағына жапырақтар кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Төменгі жапырақтары ланцет тәрізді, ал жоғарғы жапырақтары шоғырланып келеді. Ірі гүлі қоңырау тәрізді, дара немесе 2-6 гүлі бар иілген шашақ гүл шоғырына бірігеді. Гүл күлтесі сарғыш не ақшыл жасыл, ал оның ішкі жағында қоңыр-кызыл түсті дақтары бар», деп сипаттап өтті бақтың баспасөз қызметі.

Ақшыл сепкілгүл қытай, тибет және корей дәстүрлі медицинасында қолданылады.