ANTIKOR • 17 Мамыр, 2024

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы үйқамаққа алынды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен өзге де тұлғаларға қатысты тергеуді аяқтады, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы үйқамаққа алынды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ведомствоның хабарлауынша, Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді.

«Тергеу соты күдіктіге қатысты «электронды білезікті» қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды», деп хабарлады Антикор. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.