Аймақтар • 20 Мамыр, 2024

Құлсарыдағы тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары осы аптада аяқталады

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен жиын өтіп, тасқынның жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Құлсарыдағы тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары осы аптада аяқталады

Фото: әлеуметтік желіден

Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қаласындағы жағдай жайында баяндап, шығынды өтеу жұмыстары туралы айтты. Оның сөзінше, жылжымайтын мүлікті бағалау комиссиясына барлығы 2 727 өтініш түсіп, 1000-ға жуық үй апатты деп танылған.

- 500 тұрғынға бағалау қорытындысы туралы ақпарат берілді. 105 тұрғын өтемақы сомасына келісіп, келісім-шартқа отырды (авариялық – 53, күрделі жөндеу – 52). Бағалау апта аяғына дейін жүреді, мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 18 мамырда Құлсары қаласының «Болашақ» шағынауданында 150 үй салынады деп жоспарланса, қазір 70 үйдің құрылысы басталды. Жағдай жеке бақылауымда, - деді С.Шәпкенов.

Бұдан бөлек, тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу бойынша да кеңес беру орталығы жұмыс істеп жатыр. Бүгінде 301 кәсіпкерден өтініш түскен. Төрт-түліктің шығынын есептеу жұмыстары да жалғасуда. Тасқыннан қырылған мал басына өтемақы төлеу 21 мамырда басталады. 150 АЕК мөлшеріндегі мүліктік залалды өтеуге 2 707 өтініш түсіп, оның ішінде 416-ның қорытындысы дайын болған.