Қоғам • 21 Мамыр, 2024

Қазақтың десантшы жауынгері Түркияда көк туды желбіретті

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан десантшылары Түркияда өтіп жатқан EFES-2024 көпұлтты командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақтың десантшы жауынгері Түркияда көк туды желбіретті

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан құрамасының сапында Алматы, Қонаев, Жетісу гарнизондарының құрамалары мен әскери бөлімдерінің үздік әскери қызметшілері бар.

EFES-2024 оқу-жаттығулары тәжірибе алмасу, қатысушы елдер әскери қызметшілерінің бірлескен қызметін ұйымдастыру, олардың кәсібилігі мен штаб офицерлерінің картада шешім қабылдау дағдыларын арттыру мақсатында өткізіледі.

Қазақстан десантшылары қатысатын практикалық іс-шаралар Измир қаласының маңындағы «Доғанбей», «Картал» полигондары мен «Қырғыз» жаттығу алаңында өтіп жатыр.

Маневрлер барысында парашютшілер тобы Түркия Республикасының INTUDER және француздық LEGEND-M парашют жүйелерімен танысты, сондай-ақ Қазақстанда пайдаланылатын INSIDER-300 SF парашют жүйесін көпұлтты контингентке ұсынды.

Атыс позициясының теориялық негіздерін және REMINGTON, Mc MILAN TAC-50, M-110 мергендік мылтықтарының тактикалық және техникалық сипаттамаларын зерделегеннен кейін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мергендік жұбы 300 және 500 метр қашықтықтағы нысанаға дәл тигізе білді.

Шабуылдау тобының міндеттеріне 5-7 метр биіктіктен фал бойынша десант түсіру және көпұлтты контингент құрамында террористік топты жоюға қатысу кіреді.

Күндізгі және түнгі уақытта авиа көздеушілер құрамындағы тактикалық топ нысанаға лазерлік бағыттау бойынша күндізгі және түнгі міндеттерді пысықтайды. Ал санитар нұсқаушылар теңіз десантын түсіру жөніндегі іс-шараларға қатысады.

ж

Оқу-жаттығу басшылығы Қазақстан туымен парашютпен секірген 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы 9-ротасының сержанты 2-сыныпты сержант Серік Ноғаевты ерекше атап өтті. Ол 3200 метр биіктіктен желдің екпіні секундына 8 метрден асатын күрделі метеорологиялық жағдайда секірген.

EFES-2024 көпұлтты оқу-жаттығулары 30 мамырға дейін жалғасады. Белсенді кезеңде қазақстандық десантшылар оқу-жаттығу жоспарына сәйкес оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Ер жігітке ерлік жарасады

Қоғам • Бүгін, 11:20

Аңызға бергісіз өмір

Еңбек • Бүгін, 11:10

Шеттің шаруақор әкімі

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Қызмет жас буынды шыңдайды

Еңбек • Бүгін, 10:40

Жастарға – мол мүмкіндік

Жастар • Бүгін, 10:30