Ауа райы • 22 Мамыр, 2024

Жел, жаңбыр: Синоптиктер 22 мамыр күні 14 өңірде ауа райы бұзылатынын ескертті

111 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 мамырда еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жел, жаңбыр: Синоптиктер 22 мамыр күні 14 өңірде ауа райы бұзылатынын ескертті

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.