Білім • 22 Мамыр, 2024

Биыл 832 мың оқушы үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 832 мың оқушы үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады

Фото: ult.kz

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың айтуынша, негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру.

«Су тасқыны орын алған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі берілуде. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді», деді Қаныбек Жұмашев.

«Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.

Соңғы жаңалықтар