Заң • 22 Мамыр, 2024

Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымы көбейтіледі

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша заңға түзетулер енгізу ұсынысы қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымы көбейтіледі

Фото: olympic.kz

Қостанайлық жылқы тұқымының тектік қорын сақтау, оның асыл тұқымды қасиеттерін жақсарту және мал басын ұлғайту үшін селекциялық, асылдандыру жұмысын жүргізу қыза түспек.

Осы мақсатта тиісті заңдағы «асыл тұқымды жануар» және «тұқым стандарты» ұғымдарына өзгерістер енгізіледі. Жылқылардың жұмысқа қабілеттілігі, ептілігі, төзімділігі секілді пайдалы қасиеттері тұқым стандартына жатқызылады.

«Түзетуде, бұдан бөлек, асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекциясынан спорттық бағыттағы асыл тұқымды айғырларды сатып алуы, асыл тұқымды аналық мал басын пайдаланып селекциялық, асыл тұқымдық жұмыс жүргізу, оларды ұстау бойынша шығындарды өтеу көзделген», делінген Мәжіліс хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар