Экономика • 22 Мамыр, 2024

Halyk Bank және «Халық» қоры Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлей бастады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Халық» қайырымдылық қоры Halyk Bank-пен біріге отырып, Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылай көмек көрсете бастады. Қордың негізін қалаушы, белгілі меценат Тимур Құлыбаев 31,4 млрд теңге аударды, деп жазады Egemen.kz.

Halyk Bank және «Халық» қоры Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлей бастады

Фото: Nurzhan Rysbekov

«Су тасқынынан зардап шеккен әрбір жанның қайғысына ортақпын. Апат келгелі, алғашқы күннен бастап қарғын судың астында қалған аймақтарға көмек қолын создық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықты еңсеретінімізге сенімдімін», деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, бұл көмек Құлсары тұрғындарының жеке үйлерін қалпына келтіруге бағытталып отыр. Келтірілген залалға тәуелсіз сарапшылар баға береді. Тізімді әкімдіктердің жедел штабы зардап шеккендерден алынған өтініштер негізінде дайындайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Халық» қоры мен Halyk Bank өз қаражатынан Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосқанда 1 млрд 445 млн теңге бөлген еді. Сонымен қатар «Халық» қорының негізін қалаушы Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге қосымша 30 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, су тасқынынан зардап шеккендерге 31,4 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25