Саясат • 23 Мамыр, 2024

Сингапур Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалады

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сингапур Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалады

Фото: Ақорда

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Сингапурмен энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, қаржы технологиясы, агротехнология, логистика және байланыс секілді негізгі салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Президенттер өзара тиімді инвестициялық жобаларды ілгерілету, соның ішінде екіжақты қатынастардың құқықтық базасын нығайту арқылы күш-жігер біріктіруге уағдаласты.

Тараптар білім беру және адам капиталын дамыту бағыттарындағы ынтымақтасты жандандыру қажет деп санайды.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025