Оқиға • 23 Мамыр, 2024

Петропавлда 94 жастағы зейнеткер әйелін ұрып, үйін жарып жіберді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда 94 жастағы зейнеткер 80 жастағы әйелін таяқтап, өз үйін жарып жіберген, деп жазады Egemen.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавлда 94 жастағы зейнеткер әйелін ұрып, үйін жарып жіберді

Фото: tengrinews.kz

Қарттардың жанжалына «ауласына бөгде адамдардың картоп еккені себеп болуы мүмкін». Әуелде осыны түсінбеген зейнеткер ата, оны шөбересімен өзі еккенін еске салған жұбайының айтқанын елемеген.

Осылайша, 94 жастағы зейнеткер өз үйін жарып жіберген. Қызығы қауіптің ортасында, үйдің ішінде өзі де болған.

Көршілер жарылыс болған үйге жеткенде қарт терезеден аман шыққан.

Ал оның әйелі 80 жастағы Галина Каменева жолдасының 69 жылдан бері өзіне алғаш рет қол көтергенін айтып, көршісіне жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерді шақыртқан.

Қариялардың көршілері зейнеткер атаның дау-дамайға әуес болғанын айтады.

«Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен өртеніп, көрші үйдің сыртқы қасбеті өртене бастады. Ал зейнеткер терезеден шыққан болуы мүмкін. Полиция бөлімшесіне азаматтың жөнсіз әрекеті туралы қоңырау түсті. Біз оқиға орнына келіп, мән-жайды анықтағымыз келгенмен, қарт жауап беруден бас тартты», деді Петропавл қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Назымбек Елемесов.

Қазір полиция бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Денесін күйік шалған 94 жастағы зейнеткердің өзі қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Ер жігітке ерлік жарасады

Қоғам • Бүгін, 11:20

Аңызға бергісіз өмір

Еңбек • Бүгін, 11:10

Шеттің шаруақор әкімі

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Қызмет жас буынды шыңдайды

Еңбек • Бүгін, 10:40

Жастарға – мол мүмкіндік

Жастар • Бүгін, 10:30