Қазақстан • 23 Мамыр, 2024

Қазақстанда әйелдерге арналған пойыздардың саны артады

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл мұндай пойыздар тағы үш бағытта пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда әйелдерге арналған пойыздардың саны артады

Фото: rail-news.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел «Әйелдер вагоны» қызметін қолданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады:

  • № 354/353 Астана – Семей,
  • № 24/23 Актобе – Алматы,
  • № 25/26 Алматы – Шымкент.

Қазіргі уақытта 8 бағытта әйелдер вагоны қатынап жүр:

  • № 77/78 Алматы – Маңғыстау;
  • № 351/352 Алматы – Өскемен;
  • № 45/46 Павлодар – Түркістан;
  • № 37/38 Маңғыстау – Семей;
  • № 47/48 Атырау – Астана;
  • № 33/34 Ақтөбе – Алматы-1;
  • № 4/3 Астана – Алматы-2;
  • № 71/72 Астана – Шымкент.