Жемқорлық • 28 Мамыр, 2024

Түркістанда шенеуніктер жұмыс істемейтін қызметкерлерге 31 млн теңге жалақы аударған

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының прокуратурасы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығының» қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда шенеуніктер жұмыс істемейтін қызметкерлерге 31 млн теңге жалақы аударған

Фото: malim.kz

Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру нәтижесінде орталық қызметінде 31 миллион теңгеден астам қаржы ұрланғаны анықталды. «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасына қатыспаған 122 адам еңбекақы алған. 

Бұл ретте «Жастар тәжірибесі» және «Ақылы қоғамдық жұмыстар» мемлекеттік бағдарламаларының 4 мыңнан астам қатысушысы 2023 жылға арналған міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін алмаған. Барлығы – 11,6 млн теңге.

Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Сонымен қатар прокуратура 4 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтарды және келісім-шарттарда негізсіз талаптар қойылған 760 кәсіпкердің құқығын шектеу фактілерін анықтады.