Қоғам • 28 Мамыр, 2024

«Халық табысын арттыру қажет»: Қазақстанда жаңа петиция жарияланды

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гүлден Байзақова есімді әлеуметтік желі қолданушысы еліміздің өнеркәсібін дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдау маңызды екенін айтып, Facebook парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халық табысын арттыру қажет»: Қазақстанда жаңа петиция жарияланды

коллаж: Halyq Uni

«Кез келген жағдайда Қазақстанды еуропалық елдермен салыстырғанды ұнатамыз: бензин бағасының өсуі, зейнеткерлік жасы, электр энергиясы, т.б. Ал көршiмiз – Өзбекстанның экономикалық ахуалын талдамаймыз. Мысалы, Өзбекстан өнеркәсібінің үлесі 40,2 пайызды құрайды, ал Қазақстан бар болғаны 27 пайызды құрайды. Қазақстан Өзбекстанның экономикалық жетістіктеріне аса ынтамен қарап, үлгі алып, солай әрекет ете бастасақ?!», деп жазды Г.Байзақова.

Жазба иесінің пікірінше, өнеркәсіп – жұмыс орындарын қамтамасыз ете отырып, инновацияларға және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ете отырып, экономикада негізгі рөл атқарады. Өнеркәсіпті қолдау жаңа жұмыс орындарын құруға, экспорттық әлеуетті ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Еліміздің өнеркәсібін дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдау маңызды екенін айтқан Гүлден Байзақова Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті петиция жолданғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар