Оқиға • 28 Мамыр, 2024

«Инкассатор көлігін әдейі соққан». Қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

2262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың мамыр айында Қарағандыда инкассатор машинасын әдейі соғып, ақша ұрлап кеткен қылмыстық топтың төртінші мүшесі ұсталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Инкассатор көлігін әдейі соққан». Қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

Фото: polisia.kz

Қылмыстық топқа 4 адам мүше болған. Олар көліктен 70 миллион теңге мен қаруларын алып, оқиға орнынан іздерін суытқан еді.

Сол кезде криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталып, олардан 30 миллион теңге ақша тәркіленген еді. Ал төртінші күдікті қашып кеткен еді. 38 жастағы қылмыскер Алматы облысында қолға түсті. Сот барысында алдын ұсталған 3 қылмыскер әрекеттерін мойындамай, кінәні қашып кеткен адамға аудармақ болған еді. Олар 10 жылдан 11,3 жылға дейін сотталды.

Төртінші күдікті 4 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылады.

дд

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше