Қоғам • 31 Мамыр, 2024

Қазақстан балмұздағынан ішек таяқшалары табылды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік сапаны бақылау ұйымы Қазақстанның балмұздақ бренді өнімдерінде ішек таяқшалары барын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан балмұздағынан ішек таяқшалары табылды

фото: otyrar.kz

Сарапшылар 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген, олардың ішінде 37 ресейлік брендтің және бір қазақстандық – «Шин Лайн» брендінен «Мишка на полюсе» балмұздағы бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, 29 өндірушінің өнімдерінен әртүрлі зиянды қоспалар анықталды.

Сапаны бақылау ұйымы Қазақстанның «Шин Лайн» компаниясының «Мишка на полюсе» балмұздағынан және «Ермолина» балмұздағынан ішек таяқшаларын тапқан. Сарапшылар мұндай бактериялар термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ішек таяқшасы балмұздаққа өнімді өндіру технологиясы бұзылғанда немесе жеткізу және сақтау кезеңінде қаптаманың бүтіндігі бұзылғанда түсуі мүмкін.

Алайда «Шин Лайн» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» тәуелсіз зертханасының қорытындысы бойынша «Мишка на полюсе» балмұздағынан ішек таяқшасы табылмағанын хабарлады. 

«Шин-Лайн компаниясының сарапшылары жазда микробиологияға қатысты шағымдардың себебі көтерме және бөлшек сауда нүктелеріндегі жүктерді тасымалдау және сақтау талаптарының бұзылуынан болуы мүмкін деп санайды», делінген компанияның хабарламасында.