Аймақтар • 05 Маусым, 2024

Ақтөбеде бөгеттерді жөндеуге 3 млрд теңге жұмсалады

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тасқын кезінде Ақтөбеде 15 бөгет қираған. 12 бөгетті жөндеу 3 млрд теңгеден астам қаражатты қажет етсе, қалған үшеуінің кепілдік мерзімі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде бөгеттерді жөндеуге 3 млрд теңге жұмсалады

Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

«Биылғы тасқын кезінде коммуналдық меншіктегі 15 бөгет жарылды. Олардың қатарында былтыр жөнделген үш бөгет бар. Олар: Щербаков, Тереңсай, Көсем. Келісімшарт бойынша оларға 2 жылдық кепілдік берілген. Жөндеу жұмыстарын жүргізген компаниялар өз қаражатына бөгеттерді қалпына келтіреді. Щербаков бөгетіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қалған 12 бөгетті қалпына келтіру үшін 3 миллиард теңгеден астам қаражат қажет», деді облыстың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов.

Қаржы, Су шаруашылығы және ирригация министрліктері қаржы мәселесін бірлесіп қарастырып жатыр. 

«Бірінші кезекте жөнделуі керек жобалар аудан әкімдерімен келісілді. Республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінуі қажет. Қалған қаржы жергілікті бюджеттен алынады. Бүгінде қала бойынша екі өзеннің түбін тазарту керек. Барлық мәселе қаржыландыруға байланысты алдағы уақытта шешіледі», деді облыс әкімі Асхат Шахаров.