Аймақтар • 05 Маусым, 2024

Ақтөбелік әскери бөлім жаңа сарбаздармен толықты

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусым айында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімі жас сарбаздармен толықты. Әскери бөлімге  Маңғыстау, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының өзінен 115-тен астам сарбаз шақыртылған, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік әскери бөлім жаңа сарбаздармен толықты

Фото: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздарды теміржол вокзалынан әскери бөлім оркестрінің сазды әуенімен бірге 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Еділхан Аймағамбетов қарсы алды.  Содан кейін, жас толықтырымды әскери бөлім басшылығы және оқу пунктінің әкімшілігі әскери бөлім аумағында күтіп алды.

«Жас сарбаздарға барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта әскери бөлімге келген жас сарбаздар бір ай көлемінде жас жауынгер атты арнайы курстан өткізіледі», деді әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Төрехан Төлебиұлы.

Алдағы уақытта сарбаздар өз Отанының толыққанды қорғаушысы атану үшін салтанатты түрде ант қабылдайды. Бұл іс-шара осы жылдың шілде айына жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар