Тағайындау • 06 Маусым, 2024

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО әкімінің өкімімен Мадияр Амангелдіұлы Өтешев Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Фото:БҚО әкімдігі

Мадияр Амангелдіұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәрігер-хирург мамандығы бойынша интернатурадан өткен, іскер әкімшілік басқарудың магистрі дәрежесі бар.

Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Жалпақтал ауруханасының дәрігер-хирургі болып бастады. 2005-2011 жылдары Теректі аудандық орталықтандырылған ауруханасының хирургі қызметін атқарды.

2011-2017 жылдары Теректі аудандық орталықтандырылған ауруханасының директоры болды.

2017-2019 жылдары Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2019 жылдан бүгінге дейін облыстық жедел медицина жәрдем станциялары директоры қызметін атқарып келді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті