Білім • 07 Маусым, 2024

Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамту мәселесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың биыл 10 576 орынға шақталған 27 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланғанын айтты. Оның 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне пайдалануға беріледі.

«Қазірде 1540 орынға арналған 7 жатақханада тиісті жұмыстар толығымен аяқталып, келер оқу жылына студенттерді қабылдауға әзір. Құрылыс немесе реконструкция жұмыстарын жүргізу бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жол карталары дайындалды. Жоспарланған нысандардың дені қыркүйекке дейін пайдалануға берілмек», деді Талғат Ешенқұлов.

Қазір жатақхана құрылыстарындағы жұмыстың 75 пайызы аяқталған. Ал үш нысандағы тиісті жұмыстар 50% шамасында атқарылған. Олар Алматы қаласы мен Ақмола, Қызылорда облыстарына тиесілі. Өз кезегінде өңір әкімдері студенттерге арналған үйлерді уақтылы аяқтауға уәде беріп отыр. 

«Құрылыс маусымының уақыты шектеулі. Сондықтан жауапты министрліктермен қатар облыс әкімдіктері жұмыстың уақтылы әрі сапалы атқарылуын тұрақты түрде қадағалауы керек. Нысандардағы құрылыс, реконструкция шараларының қарқынын апта сайын қарастыратын боламыз. Бұл жұмысқа жеке кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары екені байқалады. Сол себепті жатақхана салуға ниетті бизнес өкілдеріне қажетті жағдай жасауға қатысты шараларды қарастыру қажет», деді Тамара Дүйсенова.

лл