Отбасы • 07 Маусым, 2024

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

Фото: assembly.kz

Ұлттық байқаудың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, некенің маңыздылығын мойындау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау.

Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттар талап етіледі:

  1. Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  2. Асырап алушы (қамқоршы) отбасылар үшін — кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;
  3. Неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
  4. Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;
  5. Балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалардан ұсыным хаттар (екіден кем емес);
  7. Отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  8. Қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік);
  9. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру.

Өтінімдер 15 маусымға дейін электрондық поштаға қабылданады: mereyli.otbasy2024@mail.ru (pdf форматында).

 

Соңғы жаңалықтар