Елорда • 11 Маусым, 2024

Астаналық жедел жәрдем дәрігерлері пациенттерге таксимен де барады

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұдан былай елордалық жедел жәрдем дәрігерлері пациенттерге таксимен де барады. Бұл хабарды Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп жазады Egemen.kz.

Астаналық жедел жәрдем дәрігерлері пациенттерге таксимен де барады

Фото: Astanovka98

Таксимен қатынайтын жедел жәрдем дәрігерлері 3-4 санаттағы шақыртуларға барады.

«Күту уақытын қысқарту мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы көлік құралдарын жалдау шартын жасасты. Мұндай көлік құралдары жедел жәрдем бригадасы жеделдіктің 3-4 санаты бойынша шақыртуларға шығуы үшін қарастырылған. Аталған санаттар бойынша пациентті тасымалдау, сондай-ақ көлікті медициналық жабдықтармен жарақтандыру талап етілмейтінін атап өткен жөн», делінген Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабараламада.