Ғылым • 12 Маусым, 2024

Журналдың биік беделі

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» атты отандық ғылыми журнал алғаш рет Орталық Азия мен ТМД көле­мінде «Digital Commons Elsevier» плат­формасын­да шыға бастады. «Else­vier» – әлем­дегі ең ірі ғылыми баспа­лар­дың бірі. Онда дүниежүзіндегі ғылыми жу­р­нал­­­дардың барлық мақаласының төрт­­­­тен бірі басылады.

Журналдың биік беделі

Аталған журнал Л.Н. Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетінде 2017 жылдан бері ағылшын тілінде жарық көреді. Ғылыми басы­лымның барлық мақаласы «Scopus» халықаралық ғылыми деректер базасына енгізілген.

Журналда ядролық физика, жоғары энергия физи­касы, баламалы және сутегі энергетикасы секілді түрлі саладағы ғылыми зерттеулердің нәти­желері туралы материалдар қамтылған.

Басылымның халықаралық редакция алқасы­ның құрамына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Жапония, Финляндия, Швеция, Италия, Өзбекстан, Англия ғалымдары, сондай-ақ CERN және Бірік­кен ядролық зерттеулер институты сияқты әлемдік деңгейдегі ғылыми ұйымдар кіреді.

«Elsevier» компаниясы журналды база­ға қосу және электрондық нұсқасын шығару туралы ұсыныспен шықты. «Elsevier» платформасында «Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» журналының жариялануы басылым­ның ғана емес, отандық ғылымның дамуына да жаңа мүмкіндік ашады. Бұл Еуразия ұлттық уни­верситетімен бірге елімізде жүргізіліп отырған ғылыми зерттеулер сапасының халықаралық дең­гейін мойындау», дейді журналдың бас редакторы, ЕҰУ «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және жоғары технологиялар институты» ҒЗИ дирек­торы Қайрат Күтербеков.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15