Таным • 12 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Гобойда ойнайды

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбелік өнерпаз Гиннестің рекордтар кітабына енген күрделі аспапты меңгерген.

Ғалам ғажаптары: Гобойда ойнайды

Ақтөбелік Дәулет Ізмағамбетұлы сегіз музыкалық аспапта еркін ойнайды. Домбыра, баян, гитара, барабанды айтпағанда, саксофон, флейта сияқты бірқатар үрмелі аспапты жаны сүйеді. Ол Гиннестің рекордтар кітабына ең күрделі аспап ретінде енген гобойды меңгерген. Ежелгі Мысырда пайда болған аспапты XVII ғасырда франциялық шеберлер қайта жаңғыртқан деседі. Үндістандық жылан арбаушылар әлі күнге дейін түрлі қойылымдарында қолданып келеді.

 

Фотограф көгершін

с

Көгершіндерді аэрофототүсірілім үшін қашан әрі қайда пайдаланды?

Баяғыда хат-хабар жеткізуде көгер­шіндерді пайдаланғанын білеміз. Бұл сүйкімді құстар аэрофототүсірілімге де қолданылған екен. Алғашқы камера құрылғысының патентін 1908 жылы Юлий Нойброннер алған. Суреттердің қолайлы сапасына қарамастан, Бірінші дүниежүзілік соғыста көгершіндердің көмегімен әуе түсірілімі ешқашан пайдаланылмаған. Екінші дүниежүзілік соғыста әр түрлі мәлімет бойынша, фотограф көгершіндерді немістер, француздар мен америкалықтар өсірген.

 

Күлкі – билет

ап

Театрға кіруге ақша емес, күлкі керек. Бізге қисынға келмейтіндей көрінгенмен, бұған Барселона халқы – куә. Себебі оларда спектакльге ақы төлеу көрермендердің күлімсіреу санымен жүзеге асады.

Барселонадағы «Teatreneu» комедия­лық театры 2014 жылы жаңа төлем жүйесін іске қосты. Көрермендер залындағы орындықтардың артқы жағында мимиканы тану бағдарламасы орнатылған план­шеттер бекітілді. Әрбір тіркелген күлім­сіреу 3 еуро болды, ал шоудың мак­­­си­малды құны 24 еуроға белгіленді. Жүйе кө­рермендерге де, кірісі өскен театр әкімшілігіне де ұнады.