Қазақстан • 14 Маусым, 2024

Бишімбаевтың апелляциялық шағымы неше күнде қаралады?

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент кулуарында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляция неше күнде қаралатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бишімбаевтың апелляциялық шағымы неше күнде қаралады?

Фото: Жоғарғы Сот

Журналистер Назгүл Рахметуллинадан шағымды қарауға қанша уақыт берілетінін және процесс қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін сұрады. Оның айтуынша, қарау мерзімі – бір ай. Ол сондай-ақ алқабилер шығарған үкімге тараптар шағым жасай алатынын атап өтті. Шағым апелляциялық сатыда қаралады.

«Егер олар келіспесе, әрине, олардың шағымдануға құқығы бар. Апелляциялық сатылар толық қаралмаған жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін», деді ол.

Еске салайық, 13 мамырда сот өкімі шығып, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

28 мамырда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті.


Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті