ANTIKOR • 17 Маусым, 2024

«Астана-Зеленстройдың» бұрынғы басшысы қылмысын жасырмақшы болды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.

«Астана-Зеленстройдың» бұрынғы басшысы қылмысын жасырмақшы болды

Фото: Антикор

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарын алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін ұсталды.

Бұдан басқа, күдіктіге тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін де айып тағылып отыр.

«Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген Антикор хабарламасында.