Оқиға • 17 Маусым, 2024

Теміртауда үш жасар бала терезеден құлады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Теміртау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Үш жасар бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Өкінішке қарай, дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Теміртауда үш жасар бала терезеден құлады

фото: qazaqstan.tv

«Патриот» Telegram-арнасының мәліметінше, отбасы мүшелері түскі ас кезінде бала ойнап жүрген бөлменің терезесін жабуды ұмытып кеткен.

«Теміртау орталық ауруханасының дәрігерлері бар күш-жігерін салды, алайда сәбиді аман алып қала алмады», делінген Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.