АСТАНА. 26 сәуір. Астана медициналық университетіндегі №108 сайлау учаскесінде бүгін туған күні болған сайлаушыға сыйлықтар тарту етілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Күтпеген жерден құрметке ие болған Нұрсұлу Оспанова биылғы туған күні өміріндегі ең ерекше болғанын айтты.
«Сайлаудың туған күніммен қатар келгеніне қуаныштымын. Бүгінгі сайлауда баршамыз дұрыс таңдау жасаймыз деп сенемін. Бұл таңдау –жарқын болашағымыз үшін жасалған игі қадам болмақ», – дейді Нұрсұлу Оспанова.
Айта кетейік, №108 сайлау учаскесіне сайлаушылар өте көп жиналуда. Учаске төрағасы Айтбек Кәрібжановтың айтуынша, аталған учаскеге 2 941 сайлаушы тіркелген. Таңертеңнен бері солардың 600-ден астамы дауыс беріп үлгерген.
«Өздеріңіз көріп тұрғандай, биыл сайлаушылардың азаматтық белсенділігі өте жоғары. Дауыс берушілердің көпшілігі жастар. Олар бұл саяси науқанға асқан жауапкершілікпен қарап, өз таңдауларын жасауда», – деді Айтбек Кәрібжанов.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: kazakia.kz.
• 26 Сәуір, 2015
Астанада бүгін туған күні болған сайлаушыға сыйлықтар берілді

Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше