Университет • 21 Маусым, 2024

Зерттеу орталықтарымен танысты

56 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі­нің депутаттары Nazar­bayev University ғылы­ми зерттеу орталық­та­рының жұ­мысымен танысты.

Зерттеу орталықтарымен танысты

Былтыр аталған уни­­верси­тет Times Hig­her Education бе­­дел­ді ха­лықаралық рей­тингіне сай әлем­дегі үз­дік зерттеу жо­­ға­ры оқу орын­дарының ­30 па­йыз­дық қа­тарына енді. ­Биыл үздік Азия университеттері­нің 11 пайыз­­дық сапынан кө­­рініп, әлемдегі мық­ты деген 100-ге жуық жоғары оқу орнының қатарына жайғас­ты. Университет президенті­нің міндетін атқарушы, доктор Илесанми Адесиданың айтуын­ша, мұның бәрі – 14 жыл іші­нде атқарылған жұмыстың жемісі. Сонымен қатар жоғары оқу орны биыл Quality Assu­rance Agency (QAA) жалпы инсти­туцио­налдық аккредитациясын алу үшін жұмыс істеп жатыр екен.

Іс-шара барысында ха­лық қалау­лылары универси­тет кам­пусын, геномдық және дер­­бес­тендірілген медицина, им­пульс­тік үдеткіш, электронды микрос­копия зертханалары мен медицина­лық роботтехника және зерттеулер орталығын аралады. Сон­дай-ақ қонақтарға ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) әзірлемелері таныстырылды.

Парламент Мәжілісінің Қар­­жы және бюджет коми­тетінің хатшысы Татья­на Савельева уни­вер­ситеттің ғылыми әзірле­мелеріне тәнті екенін жеткізді.

«Университет пен Назар­баев зияткерлік мектебі­нің тәжі­рибесін білім және ғылым саласына тарату өте маңыз­ды. Біз өз тарапымыздан осы оқу орындарының әлеуетін барынша сақтап, нығайту мақсатында жұ­мыс істейтін боламыз», деді ол.

Жоғары оқу орнының жас ғалымдары Мәжіліс де­пу­­­таттарына ел тұрғын­да­ры­­ның гено­мын және олар­дың әртүрлі ауруларға бейім­ді­лігін зерттеген жобаларын көрсетті. Сонымен бірге қа­тер­лі дертке қарсы дәрі-дәр­мектерді ағзадағы керекті жасу­шаларға тіке­лей жеткізу тәсілін әзірлеу жұмысы туралы да айтып берді. Әсіресе олар моторлы функциялары бұзыл­ған науқастарды оңалту мақ­сатында қолданылатын экзоскелетке ерекше назар аударды.

Халық қалаулыларына экзо­скелет әзірленген меди­цина­лық роботтехника және зерттеу­лер орталығының (CEBR) жетіс­­тігін профессор Айбек Ниетқа­лиев әңгі­меледі.

«Орталықта біз хирургия және оңалту, сондай-ақ қа­тер­лі ісікті диагнос­тикалау мақ­са­тында жасан­ды интеллектіге не­гіз­дел­ген есептеу патологиясы үшін зерттеу жүргі­зіп, робот құрастырамыз. Дүние­жүзілік банктің гранты есе­бінен біздің университетте оңалту роботтары жасалды. Қазір оларды мүге­дектігі бар адамдарды емдеу үшін қолданады», деді ғалым.

Мәжіліс депутаттары им­пульстік үдеткіш зертханасында «I-NURA» жобасымен де таныс­ты. PhD Марат Қайқановтың айтуынша, бұл үдеткіш мате­­риалдарға өте жылдам энерге­тикалық әсер етеді. Аталған жоба Берклидегі (АҚШ) Лоу­ренс ұлттық зертханасы мен уни­верситеттің басқа да серік­тестік ынтымақтастығы аясында құрылған.

Сондай-ақ қонақтарды нано­объектілерді зерт­тей­­тін өте қуатты микрос­коптардың жұ­мысы да қы­зықтырды. Олар ақылды жүйелер мен жасанды ин­теллект институтының (ISSAI) зерттеушілерінің AI сала­сындағы соңғы істеген жұмыстарын көрді. Бұған дейін ISSAI ғалымдары қазақ тіліндегі дауыс дерекқо­рын жинау мен талдау арқасын­да мемлекеттік тілді авто­матты түрде танитын алғашқы модельді (ASR) әзірлеген еді. Одан кейін қазақ­ша мәтінді дыбыстайтын бірінші корпусты (KazakhTTS) жасады.

Іс-шара соңында Пар­ламент Мәжілісі төраға­сының орынбасары Дания Еспаева университетте іске асып жатқан ғылыми жобалардан алған әсерімен бө­лісіп, аталған жоғары оқу орнын қаржыландыруды одан әрі сақтау маңызды екенін айтты.