Оқиға • 27 Маусым, 2024

Алматыдағы автобус апаты: Жүргізуші ұсталды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Алматыда жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырағанын хабарлаған едік. Жол-көлік оқиғасына себепкер болған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полициясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы автобус апаты: Жүргізуші ұсталды

Фото: Әлихан Сариев

«Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады Алматы жол полициясы.

Апат болған сәтте қоғамдық көлік қандай жылдамдықпен қозғалғанын анықтайтын сараптама да тағайындалды.

Еске салайық, Алматыдағы автобус апатынан 1 адам көз жұмды.