Медицина • 01 Шілде, 2024

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісікті тегін анықтайтын бағдарлама іске қосылады

84 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Алдымен тұқым қуалайтын ангионевроздық ісік (ТҚАІ) туралы айта кететін болсақ, бұл – алғашқы иммун тапшылығы тобына жататын сирек кездесетін кесел. Орфандық дерт шамамен 50 мыңадамның біреуінде кездескенімен, ол тұқым қуалайтындықтан, бір отбасында, яки жақын туыстар арасында ТҚАІ кеселімен туған бірнеше науқас болуы мүмкін.

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісікті тегін анықтайтын бағдарлама іске қосылады

Егер мамандардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 20 миллион халықтың ішінде 400-дей науқас болуы ғажап емес. Алайда, диагнозы табылып, есепте тұрғандар саны – 82 адам ғана. Демек, бұл шамамен 300-дей отандасымыз өзінің ТҚАІ дертімен туғанын білмейді деген сөз.

ТҚАІ С1 ингибиторының саны азаюынан, болмаса қызметі бұзылғандықтан, дененің әр жерінде қайталанып шыға беретін терең ісіктерден байқалады. Ісік бірнеше сағаттан бастап, бірнеше күнге дейін сақталады. Әдетте, бір қарағанда ТҚАІ белгілері аллергия сияқты болғандықтан, бірақ бұған аллергияға қарсы дәрілер мен антигистаминдер көмектеспейді. Егер науқасты қабылдаған дәрігер мұндай ісіктің бар екендігінен барынша хабардар болмай, диагнозы дер кезінде анықталмаған жағдайда, тұқым қуалайтын ангионевроздық ісікпен туғандардың өміріне айтарлықтай қатер төнеді. Өйткені, ісікті өршітпей,емдеу үшін тиісті ем-дом жүргізілуі тиіс. Орфандық кесел кез келген уақытта белгі беруі мүмкін, дегенмен көп жағдайда туғаннан бастап, 10 жасына дейін білінеді.

Осы орайда, Takeda Pharmaceutical Company Limited компаниялар тобына қарасты «Такеда Қазақстан» компаниясы осынау дертпен туған отандастарымыздың өміріне араша түсу мақсатында ТҚАІ кеселін зертханада анықтау мүмкіндігін кеңейтуді көздейтін тегін бағдарламаға мұрындық болып отыр. Қалай десек те, бұл бастама ТҚАІ кеселі болуы мүмкін деген науқастарға асқындырмай, дұрыс диагноз қоюға септесетіні сөзсіз.

Өйткені, сирек кездеседі десек те, ТҚАІ диагнозын нақтылап, шипасын табуға мұқтаж жандар табылатындықтан, ендігі жерде аллерголог-иммунолог дәрігер ТҚАІ дертті болуы мүмкін деген пациенттерді тегін зертханалық тексеруге жібереді. Диагноз нақтыланған жағдайда,науқастың отбасы мен жақын туыстары да тексеруге жіберілуі мүмкін.

Егер дәрігер пациентінде ТҚАІ дерті болуы мүмкін деп күдіктенсе, осы бағдарламаның «жедел желі» нөміріне хабарласып, науқасты тексерілуге жіберу үшін тиісті құжаттарды толтырады. Ал қанүлгісін алу мен дайындау еліміздің 20 қаласына орналасқан INVITRO медицина мекемелері жүзеге асырмақ. Науқас қанына талдау жасату үшін жақын маңда орналасқан INVITRO медицина мекемесіне барғаннан кейін, биоматериал үлгісі температура режимін қатаң сақтай отырып, зерттеу мақсатымен халықаралық DUZEN (Түркия) зертханасына жіберіледі.

Бұл жоба Қазақстанда ТҚАІ ауруларын анықтау тиімділігі мен деңгейін арттыруға бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Нәтижесінде осы әдістің арқасында диагноз қою мерзімі қысқаруы тиіс. ТҚАІ адам өміріне қауіп төндіретін қауіпті дертекендігін ескерсек, дер кезінде диагноз қоюдың маңызы зор.

«ТҚАІ сияқты сирек кездесетін кеселдерге келгенде, дәрігерлер де, науқастар да бірінші кезекте тап болатын қиындық – диагноздың уақтылы қойылмауы. Науқастар бірнеше жыл бойы диагнозы нақтыланбағандықтан, тиісті емін ала алмауы мүмкін, бұл олардың өміріне орасан зор қауіп төндіреді. Диагнозы дәйектелген жағдайда, заманауи дәрі-дәрмектерді пайдалана отырып емдеу аурудың белгілерін жеңілдетіп қана қоймай, адам өмірін құтқаруға да мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме ТҚАІ диагнозы қойылып, уақтылыемделудің арқасында ел қатарлы өмір сүріп, отбасын құрып, жұмысын істейтін науқастар туралы болып тұр. Сондықтан бұл бағдарлама науқастарға үлкен үміт пен өмір сыйлап,асқынулардың алдын алады. Ал жоба аясындағы тәжірибе алмасу мен ғылыми мәліметтерді біліп отыру денсаулық сақтау саласының мамандарына кәсіби қауымдастық ішінде бұл ауру туралы көбірек мәлімет білуге көмектеседі, бұл қысқа мерзім ішінде диагноз қоюда маңызды рөл ойнайды», дейді Takeda компаниясының Қазақстандағы директоры Михаил Владимиров.

Осы арада ТҚАІ диагнозын анықтау неге қиын деген сұраққа былай деп жауап беруге болады. Осынау кеселді белгілері әртүрлі болып және басқа көптеген кеселдерге ұқсас. Сыртқы сипаты кәдімгіаллергиялық, басқа да дерттерге ұқсастығы көпболғандықтан, бұл мамандарды адастырып, диагнозын кешіктіріп, өлім-жітім деңгейінің жоғарылатуға себепші болып отыр.

Мәселен, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев университеті University Medical Center клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, иммунолог дәрігерлердің «Қазақ иммун тапшылығы қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ҚР ДСМ бас штаттан тыс аллергологы Елена Ковзель: «Бұл аурудың клиникалық белгісі алуан сипатты болғандықтан, оған қоса дәрігерлердің орфандық ауруларға қатысты қырағылық танытпауынабайланысты, ТҚАІ ауруы бар науқастардың өмірден ерте озу қаупі жоғары. Ең негізгі кілтипанның бірі жалпы тәжірибелік дәрігерлердің, терапевт, гастроэнтеролог, хирург, ЛОР дәрігерлер, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері мен басқа да мамандардың ТҚАІ туралы жеткілікті хабардар болмауы. ТҚАІ белгілері алуан түрлі, белгісі өте көптегенауруларға ұқсас, болғандықтан, кеселдің алғашқы белгілерінің байқалғаннан бастап, нақты диагноз қоюдың арасында 8 жылдан бастап, 20 жылға дейін уақыт өте шығуы мүмкін. Өкінішке қарай, науқастардың 80%-ы диагнозы анықталмай, дертін білмей өтеді. Бұл кеселдің үлкен кесірі де осында. Ауруы анықталмаған науқастар арасындағы өлім-жітім деңгейі 30% болса, дер кезінде диагноз қойылып, ем алғандар арасында бұл көрсеткіш 3% ғана. Қазіргі технологиялар осы кеселді уақытында анықтап, ем-дом бастауға мүмкіндік береді, сондықтан бұл дәрігерлер қауымына ашық болуы өте маңызды», дейді Елена Ковзель.