ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 сәуір. Жетісулықтар бұл күні ертелете сайлау учаскелеріне асықты. Бейқұт заманда конституциялық құқығына сай төл міндетін орындаушылар парасаттылық пен мәдениеттілік танытты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сайлау учаскелеріне келіп-кетушілер мыңдап саналғанымен адамдар арасындағы сыйласымдылық, үлкенге көрсетілген мейірімділік пен кішіге жасалған ілтипат көрген жанды сүйсінтті.
«Қызмет бабына орай көптен бері осы сайлау науқанындағы жауапты жұмыспен айналысып жүрмін. Осыған дейінгі сайлаулармен салыстырғанда бүгінгі Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерді сайлауға халықтың қатысу белсенділігі жоғарылап, мәдениеттіліктің тамаша әрі үйлесімді қырын көрсетті. Бұл қуана құптарлық жайт. Бүгін 26 сәуір күні таңғы сағат 7:00-де Алматы облысы бойынша 883 сайлау учаскесі сайлаушыларға есіктерін айқара ашты. Міне, сағат 12:00-де облыс бойынша сайлауға қатысатындығы анықталып, тіркелген 945 708 сайлаушылардың 573 860 сайлаушылары, яғни, 60,68 пайызы дауыс берді. Елдің сайлауға деген белсенділігінің артуы республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарғанын және халықтың саяси белсенділігінің көтерілгендігін көрсетеді», – дейді Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Шырақбай Жылқайдаров.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек, сурет: egemen.kz.

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше